Паралимпиада-2018: Биатлоншы Усольцев 16-шы орын алды

Паралимпиада-2018: Биатлоншы Усольцев 16-шы орын алды

10 наурызда Пхенчханда Паралимпиада ойындарының парабиатлоннан 7.5 шақырымдық жарысы өтті.

Қазақстандық Сергей Усольцев мәре сызығын 16-шы болып кесті. Көрсеткіші – 27:20.9 (+3:31.2).

Бұл жарыста алтын медальді америкалық Даниэль Кнозен иеленді. Екінші орын беларусьтік Дмитрий Лобанға бұйырды. Ал қола жүлдені канадалық Коллин Кэмерон мойнына тақты.

Сергей Усольцев енді 11 наурызда шаңғы жарысына қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или