АҚШ кинотеатры Головкин – Альварес реваншын көрсетпек
Америкадағы Harkins Theatres кинотеатры Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегін көрсетеді.
Жекпе-жекті кинотеатрда тамашалау үшін 20 доллар (6 440 теңге) төлеуіңіз керек. Жекпе-жекке дейін әлі екі айға жуық уақыт болса да, билеттер сатылымы басталып кетті.
Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 5 мамырда Лас-Вегаста өтеді. Алғашқы кездесуде боксшылар тең түскен болатын.
Соңғы күндері Канелоның қанынан допинг табылып, жекпе-жектің тағдыры қыл үстінде болған. Алайда екінші допинг-сынамасы таза шықты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или