Биатлоншыларымыз әлем кубогында өнер көрсетті

Биатлоншыларымыз әлем кубогында өнер көрсетті

Ресейлік биатлоншы Антон Шипулин Финляндияның Контиолахти қаласында өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды. 

Шипулин ерлер арасындағы спринтте топ жарды. Екінші орынды латвиялық Андрей Расторгуев иеленсе, үздік үштікті франциялық Кентен Фийон-Майе түйіндеді. 

Қазақстандықтар арасында ең жоғары нәтижені Владислав Витенко көрсетті - 47-ші орын. Роман Еремин сайысты 54-ші орында аяқтады. Василий Подкорытов пен Максим Браун 90-шы және 95-ші орында жайғасты. 

Биатлон 

Әлем кубогының VII кезеңі, Контиолахти, Финляндия 

Ерлер, спринт, 10 шақырым 

1. Антон Шипулин (Ресей) - 23:51.6 

2. Андрей Расторгуев (Латвия) - +5.8 

3. Кентен Фийон-Майе (Франция) - +17.3 

... 47. Владислав Витенко (Қазақстан) - +1:46.3 

54. Роман Еремин (Қазақстан) - +1:56.2 

90. Василий Подкорытов (Қазақстан) - +3:06.4 

95. Максим Браун (Қазақстан) - +3:46.6

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или