Головкиннің спорттық мансабы қашан құлдырайды

Головкиннің спорттық мансабы қашан құлдырайды

Worldboxingnews.net сайты қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) спорттық мансабы біртіндеп құлдырап келе жатқандығы туралы айтты.

Бұл туралы <span> Stan.kz </span>-ке сілтеп,<span> Prosports.kz сайты хабарлайды.</span>

«Головкин Альвареспен бірінші кездесуінде оны жеңу үшін бар күшін салды, алайда судьялардың шешімімен ол мүмкін болмай қалды. GGG-ның агрессивті стилі оған кедергі болды, ал оны қарсыласы  тиімді пайдаланды. Қазақстандық боксышы Геннадий Головкин биыл 36 жасқа толады, ал Канело  болса  одан әлдеқайда жас. Ол әлі 28 жасқа да толған жоқ. Головкин өзі үшін рекорд жасағанымен, алайда уақытты ешкім жеңе алмайды.  Өйткені ең мықты деген боксшының өзі өмір бойы биікте қала бермейді. Головкиннің күш-қуаты жасы келгеннен кейін азайып, ал Канелоның  қуаты артып келеді. Головкиннің көркем карьерасы «Бесінші мамырда» басталуы мүмкін», – деп жазады басылым.

Айта кетейік, Головкин – Альварес реваншы 5 мамырда Лас-Вегаста өтеді. Олардың алғашқы айқасы 2017 жылдың 16 қыркүйегінде сол жерде болып, екі боксшы тең түскен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или