Сауль Альварестің екі допинг сынағының нәтижесі белгілі болды
Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) қарсыласы Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) допингпен ұсталып басы бәлеге қалған еді.
Мексикалық боксшы 3 және 5 наурыз күндері тағы да допинг тексерістен өткен екен. Тексеріс нәтижесі оның қанында кленбутерол және басқа да тыйым салынған заттардың болмағанын көрсеткен, деп хабарлайды Prosports.kz<span> </span> RingPolska сайтына сілтеме жасап.
Естеріңізде болса қос боксшы арасында өткен алғашқы кездесу төрешілердің шешімімен тең аяқталған. Екі боксшы арасындағы екінші кездесу бесінші мамырға жоспарланған. Жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или