Головкин: Альварестен допинг табылуы – бокс үшін үлкен кедергі

Головкин: Альварестен допинг табылуы – бокс үшін үлкен кедергі

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің сынамасынан тыйым салынған препараттың табылуы бокс үшін үлкен кедергі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Los Angeles Times басылымына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы Невада штатындағы спорттық комиссияны аталған жағдайға назар аударып, тиісті шараларды жүргізуге шақырды.

«Өте өкінішті. Себебі, мен де ол сияқты кәсіби спортшымын. Альварес және оның командасы болған жағдайдың барлығын түсінеді. Допинг сынамасының оң нәтиже көрсетуі – бұл спорт және біз үшін үлкен проблема», - деді Головкин Los Angeles Times - Hoy Deportes басылымына берген сұқбатында.

Айта кетейік, осыған дейін Сауль «Канело» Альварестің сынамасынан тыйым салынған препарат табылған болатын. Оның командасы мұны тағамға қосылып кеткен деп ақталып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Головкин-Альварес арасындағы жекпе-жекте жеңімпаз анықталмаған. Төрешілер тең ойын болды деп, екеуінің де қолын көтерген. Енді қос боксшы арасындағы екінші кездесу 5 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или