Калицкийдің қарсыласы өзгерді

Калицкийдің қарсыласы өзгерді

4 мамырда Екатеринборда (Ресей) өтетін бокс кешінің файткардында өзгерістер енді. Қазақстандық боксшы Станислав Калицкийдің (4-0, 3 КО) қарсыласы ауысты.

Ол жергілікті Владислав Хоритонцевпен (0-1) жұдырықтасады деп жоспарланған. Алайда оның орнына дағыстандық Арслан Магомедовпен (1-1, 1 КО) кездесетін болды.

Жекпе-жек екінші жартылай жеңіл салмақта өтіп, алты раундқа жоспарланып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или