Қазақстан биатлон құрамасы тағы да допинг дауына ілікті
Халықаралық Биатлоншылар одағы (IBU) Қазақстан құрамасының дәрігері Хоссилбек Тагаев допингке қарсы ережелерді бұзған деп күдіктеніп, оны уақытша қызметінен шеттетті, деп хабарлайды prosports.kz IBU-дің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұндай шешімнің қабылдануына қаңтар айының соңында Антхольц қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде италиялық полицияның Қазақстан құрамасының тұрағына тінту жүргізуі себеп болып отыр.

Сол кезде Тагаевтің бөлмесінен IBU ережелері бойынша тыйым салынған препараттар тізімінде тұрған дәрі-дәрмектер табылған көрінеді.

Дәрігер енді IBU ұйымдастырған кез-келген іс-шараға уақытша қатыса алмайды. Ал Қазақстан биатлон федерациясы оны құрамадағы жұмысынан уақытша тоқтатуы керек.