Қазақстандық тау шаңғышылар Азия чемпионатынан олжалы оралды
Тау шаңғы спортынан Қазақстан құрамасы Иранның Тегеран қаласында өткен Азия біріншігілінде сәтті өнер көрсетті.<span> </span><br />
Отандастарымыз жарыстың қорытындысы бойынша он медальға қол жеткізді.
Әйелдер арасындағы супергигантта Мария Григорова топ жарса, ерлер арасындағы сайыста Игорь Закурдаев жеңіске жетті. Захар Кучин үздік үштікке кірді.
Альпілік комбинацияда Григоров екінші алтынын иеленсе, Закурдаев күміс жүлдеге ие болды.
Алып слаломда Григоров кезекті алтын медалін алса, ерлерде Кучин чемпион атанды. Закурдаев қола жүлдені қанағат тұтты.
Ерекше слалом сайысында Екатерина Карпова жүлделі орынға ілінсе, Закурдаев екінші күміс жүлдесін алды.
Осылайша, тау шаңғышыларымыз Азия чемпионатының жалпы есебінде топ жарды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или