Еліміздің бірінші ракеткасы Зарина Дияс әлемнің бұрынғы бірінші теннисшісі, <span>«</span>Үлкен дулыға<span>»</span> турнирлерінің 23 дүркін жеңімпазы америкалық Серена Уильямсқа қарсы өнер көрсетеді.
Әлемге әйгілі кіші<span> Уильямс</span> былтыр қыркүйек айында дүниеге сәби алып келіп, кортқа желтоқсан айында ғана оралған болатын.
Аталған кездесу 7 наурыздан 8 наурызға ауған түні сағат 01:00-де (Астана уақытымен) өтеді. Бұған дейін Дияс пен Уильямс екі рет кездесіп, екеуінде де америкалық теннисшінің мерейі үстем болған еді.
Сондай-ақ, тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (81) бельгиялық Элисон Ван Эйтванкпен (50) күш сынасып көреді