Абель Санчес: Головкин соңғы үш аптада алты рет допингке тексерілді
Қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчестің айтуынша, GGG мексикалық Сауль Альвареске қарсы рематчқа дайындық аясында бірнеше рет допинг-сынама тапсырған.
«Геннадий лагерьге келгелі алты рет допингке тексерілді. Ал ол лагерьге үш апта бұрын ғана келген болатын», - деді Санчес.
Естеріңізге салсақ, бүгін Головкиннің қарсыласы Сауль Альварестің қанынан тыйым салынған препарат табылған болатын. Боксшылар 5 мамырда жұдырықтасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или