Бокс

Альварестің қанынан допинг табылды

Альварестің қанынан допинг табылды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің қарсыласы мексикалық Сауль Альварес допинг тесттен өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Канелоның қанынан Кленбутерол атты тыйым салынған дәрумен табылған. Бұл дәрумен сапасыз ет жегеннен болуы мүмкін.

Мексикалық боксшы жаттығу лагерін АҚШ-қа көшіруді шешті. Оған қоса ол допингке қарсы агенттіктермен тығыз байланысып, кез келген уақытта тексерістен өтуге дайын екенін мәлімдеді.

- Мен - боксшымын және спортты құрметтеймін. Бұл жаңалық маған төбеммен жай түскендей болды. Қазір уайымым басым. Бұған дейін мұндай жағдай болмаған еді. Допинг тексерістерге ешқашан қарсы болмағанмын. Соңында шындық менің жағымда болады деп сенемін, - деді Канело.

SMRTL (VADA аккредитацияланған зертханасы) директорының айтуынша Давид Эйхнер тыйым салынған дәрумен сапасыз ет жеуден болуы мүмкін: «Кленбутерол ағзаға сапасыз ет жегеннен түсуі мүмкін».

Бүған дейін мексикалық боксшы 12 рет допинг тексерістен өткен.

Айта кетейік, Головкин мен Канело арасындағы екінші жекпе-жек 5 мамыр күні Лас-Вегас қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер