Қазақстанға Олимпиаданың алтын медалі берілуі мүмкін - Мұxамедиұлы

Қазақстанға Олимпиаданың алтын медалі берілуі мүмкін - Мұxамедиұлы

Еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы Василий Левит пен Евгений Тищенко арасындағы жекпе-жек нәтижесі қайта қаралып жатқанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Қазіргі кезде Халықаралық Олимпиада комитеті Левит пен Тищенконың жекпе-жегін қайта қарап жатыр. Бәріңіз ол жекпе-жекті көрдіңіздер. Әрине, осы жолы әділ шешім шығарылса, Қазақстанда сол Олимпиаданың төртінші алтыны болады», - деді Мұxамедиұлы. 
Айта кетейік, 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындары кезінде қазақстандық боксшы Василий Левит ресейлік Евгений Тищенкомен жұдырықтасқан болатын. Ол жекпе-жекте төрешілер жеңісті көрші елдің спортшысына берді. Алайда жанкүйрлер ондай шешіммен келіскен жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или