Басқа

99 жастағы жүзгіш әлемдік рекорд орнатты

news-banner7
mobile-news-top

99 жастағы аустралиялық жүзгіш 50 метрлік фристайлда әлем рекордын орнатты, - деп хабарлайды BBC ақпарат агенттігі.

Куинсланда (Queensland) арнайы ұйымдастырылған жарысты Джордж Коронес (George Corones) 100-104 жас категориясында 56,12 секундта аяқтады. Ол 2014 жылғы рекордтан 35 секундқа озды.

Сәуірде 100-ге толатындықтан, ол осы категорияда жарысып рекорд орнатқанына "өте қуанышты" екенін айтты. Сонымен қатар ол аптасына 3 рет жүзуге барып қана қоймай, спортзалда жаттығып тұрады.

"Бұл жаста физикалық қалпыңды жоғалтып алмау үшін көп уақыт пен еңбек қажет. Бірақ соған уақытыңызды да, күшіңізді де аямасаңыз, кейіннен алатын марапатыңыз да күшті болады", - дейді Джордж.

2014 жылғы рекордты ұлыбританиялық Джон Харрисон (John Harrison) орнатқан болатын.

qazaqtimes.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер