Нұрсұлтанов пен Әшкеев BoxRec рейтингісінде жоғарылады

Нұрсұлтанов пен Әшкеев BoxRec рейтингісінде жоғарылады

Қазақстандық боксшылар Мейірім Нұрсұлтанов (6-0, 5 КО) пен Мадияр Әшкеев (9-0, 5 КО) BoxRec рейтингісінде өз орындарын жақсартып алды.

Мейірім Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында мексикалық Алехандро Торресті алтыншы раундта нокаутқа түсірген болатын. Ол бұл жеңістен соң орта салмақ рейтингісінде 15 сатыға көтеріліп, 79-шы орынға жылжыды.

Ал сол кеше Мадияр доминикандық Хосе Антонио Абреуді бірінші раундта жеңді. Соның арқасында бірінші орта салмақ рейтингісінде ТОП-100 қатарына енді. Ол 95-ші сатыда тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или