Украиналық боксшы Головкин мен Альваресті жекпе-жекке шақырды

Украиналық боксшы Головкин мен Альваресті жекпе-жекке шақырды

Украиналық боксшы Сергей Деревянченко чемпион титулын жеңіп алу үшін кез келген спортшымен жұдырықтасуға әзір екенін жеткізді. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі жазды.

Украиналық боксшы чемпион титулына қол жеткізу үшін кез келген спортшымен жұдырықтасуға әзір. Сергей Деревянченко Уайлдер – Ортис шоуы аясында өткен бокс кешінде Дашон Джонсонды жеңді. Енді ол Головкин, Альварес және Чарло сынды спортшылармен жұдырықтасқысы келетінін айтты.

«Мен Головкин, Альварес, тіпті Чарломен шаршы алаңда кездесуге дайынмын. Барлық орта салмақтағы боксшылармен жұдырықтаса аламын. Қарсыласымның кім болатыны маған маңызды емес. Тек чемпион титулы үшін жұдырықтассақ болғаны. Чемпион титулын жеңіп алу үшін барымды беруге әзірмін. Мықтылармен кездесуден қашпаймын. Маңызды кездесулерді күтуден жалықтым», - дейді Деревянченко.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или