Азия чемпионаты: Бүгін төрт балуанымыз жүлдеге таласады

Азия чемпионаты: Бүгін төрт балуанымыз жүлдеге таласады

Қырғызстанның Бішкек қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін, жарыстың соңғы күні еркін  күрестен балуандарымыз бақ сынауда.

Түстен бұрын өткен кездесулер нәтижесінде екі балуанымыз ақтық сынға жолдама алып отыр. Тағы екі отандасымыз қола үшін күресетін болады.

Атап айтар болсақ, 61 келіде бақ сынайтын Нұрислам Санаев пен 92 келіге дейін салмақ дәрежесінде күресетін Әділет Даулумбаев ақтық сында алтынға таласып көреді.

Ал Данияр Қайсанов (74 келі) пен Азамат Дәулетбеков (86 келі) үшінші орын үшін күш сынасады.

Белдесулер Астана уақытмен 17:30-да басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или