Украиндық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Украиндық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Украиндық кәсіби боксшы Сергей Деревянченко WBC, WBO, IBF және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

<span>4 наурызда Нью-Йоркте, Уайлдер - Ортис айқасының андеркартында украиндық Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО) америкалық Дишон Джонсонды (22-23-3, 7 КО) уақыт бітпей жатып жеңді. Украиндық боксшы айқастан кейін Головкин мен басқа да орта салмақтағы үздік боксшыларды жекпе-жекке шақырды.</span>

<span>«Мен Головкинмен, Альвареспен немесе Чарломен кездесуге дайынмын. Орта салмақтағы үздік боксшылардың барлығымен жұдырықтасуға әзірмін. Бастысы, жекпе-жекке чемпиондық титул қойылса болғаны. Чемпиондық титулды алу үшін барлығын беремін. Үздіктермен айқасуға дайынмын. Титулдық жекпе-жекті күтіп шаршадым», - деп мәлім етті Деревянченко айқастан кейін.</span>

<span>Еске салайық, Сергей Деревянченко IBF рейтингіндегі нөмірі бірінші спортшы және қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33КО) қанжығасындағы осы ұйымның желісі бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулына міндетті үміткер. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или