«Астана» - «Қайрат»: астаналар дербиі
Бүгін футболдан Қазақстан чемпионатының шымылдығын Астана мен Қайрат командалары ашады.
Астана төрінде қос ұжым биылғы маусымдағы алғашқы жүлде - Қазақстан Суперкубогы үшін таласқа түседі. Соңғы төрт жылда Суперкубок үшін тартыс дәл осы Астана мен Қайраттың арасында өрбіген. Елордалық клубы ішкі біріншілікте топ жарса, алматылық команда ел Кубогын иеленген. Дегенмен Астана үшін биылғы маусым ақпанның ортасында басталды. Ол кезде Станимир Стоилов баптаған Астана Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінде Португалияның Спортингімен жолықты. Тартысты өткен қос кездесу нәтижесі бойынша 6:4 есебімен есе жіберді. Енді міне кезекті маңызды ойын күтіп тұр.
Бұл жерді ең алдымен мына факторға баса назар аудару қажет. Қызметіне жаңадан келген Григорий Бабаяннан жігіттерді Еуропа Лигасынан ішкі ойынға дұрыс баптай ала ма? Еуропа футболына бой үйретіп қалған елордалықтар ішкі біріншіліктегі командаларға қарсы ойнауға мотивациясы кетіп қалмай ма? Футболда мұндай жәйттің көп болғаны сөзсіз. Әлемдік грандтарға қарсы ойнап үйренген командалар ішкі біріншіліктің кездесуіне келгенде сәл босаңсып қалатын еді.
Екінші фактор - Григорий Бабаян Астананың тізгініне күні кеше келді. Бұған дейін тек Станимир Стоиловтың қол астында қызмет еткен. Үш жылдан астам уақыттан бері жеке өзі клубты баптаған емес. Ал Карлос Феррердің ойынын баршы жанкүйер қауым көрді. Өткен маусымда өткізген 8 ойынның тек біреуінде тең түсіп, қалғанында жеңіске жеткен.
Дегенмен, елордалық команда алаңда босаңсымай, бапкер міндеттеген ойын өрнегін көрсетсе, жеңіп кетуі мүмкін. Мұндай мүмкіндік Қайратта да бар. Бүгінгі матчта қос команда гол соғып, нәтижелі ойын көрсетеді деген ойдамыз. Мүмкің жеңімпаз қосымша уақытта анықталуы мүмкін. Дегенмен Қайрат Астанаға қарсы ойындардың барлығында дерлік бір гол соқпай кетпейді. Бұл жолы да сол дәстүрден ауытқымау қажет. Біздің болжам - Қайрат кем дегенде 1 гол соғады.
Қазақстан Суперкубогы. Астана.
Астана - Қайрат: Қайрат кем дегенде бір гол соғады - 2,05