Алексей Полторанин Әлем кубогының тоғызыншы кезеңінде өнер көрсетеді

Алексей Полторанин Әлем кубогының тоғызыншы кезеңінде өнер көрсетеді

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин ертең Финляндияның Лахти қаласындағы Әлем кубогының кезеңінде өнер көрсетеді.

«Олимпиада ойындарында Алексей тактикалық қатенің кесірінен жүлделі орынға іліне алмады. Соған қарамастан, ол әлемдегі ең мықты шаңғышылардың бірі. Жексенбіде өтетін сайыс Алексей үшін ыңғайлы. Бұл оның сүйікті қашықтықтардың бірі. Ол бұл сайыста бірнеше рет жеңіс тұғырынан көрінген. Бәріміз алдағы жарысты асыға күтіп отырмыз», - деді Қазақстан шаңғы спорт федерациясының бас хатшысы Андрей Невзоров.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или