Әшкеев пен Нұрсұлтанов «Мэдисон Сквер Гарденде» жеңіске жетті

Әшкеев пен Нұрсұлтанов «Мэдисон Сквер Гарденде» жеңіске жетті

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Мадияр Әшкеев пен Мейірім Нұрсұлтанов бүгін Нью-Йорк қаласында кезекті жекпе-жектерін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қос боксшымыз «Мэдисон Сквер Гарден» спорт кешенінде өткен Сергей Ковалев - Игорь Михалкин жекпе-жегінің андеркартында өнер көрсетті. 

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын Мадияр Әшкеев қарсыласы доминикандық Хосе Антонио Абреуді бірінші раундта-ақ сұлатып түсірді. Бұл Мадиярдың кәсіпқой рингтегі тоғызыншы жеңісі.

 

Ал Мейірім Нұрсұлтанов мексикалық Алехандро Торреспен қолғап түйістірді. Қазақстандық боксшы қарсыласын алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или