Астанада мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир өтіп жатыр

Астанада мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир өтіп жатыр

Елордада мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир өтіп жатыр.

Астананың 20 жылдығына орайластырылған шараға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Мексика елдерінен ұзын саны 190 спортшы қатысуда. Сайысқа түскендердің ең кішісі алтыда болса, ересегі 18 жаста. Тиісінше турнир бірнеше топтық кезеңге бөлінген. Айдынға енді шыққан балалардан бастап, мәнерлеп сырғанаудан спорт шеберлеріне дейін бар. Наурыздың екісінде басталған сайыс 4 ақпанда аяқталады. 

Дильназ Баяндина, сайысқа қатысушы / Астана /:

- Бірінші болып мұзға шықтым. Және маған бүгін өте қатты ұнады. Өйткені мен осыған қарағанда жаман деуге болады. Ал, қазір мен өз көрсеткіштерімді жақсы бағалаймын. Бізде 10 қатысушы бар. Солардың екеуі Екатеринбург, біреуі Бішкек, сосын Қостанай және Астана.

Надежда Перфильева, сайыс ұйымдастырушысы:

- Бүгін мәнерлеп сырғанаудан екінші санаттағы ересек спортшылар мен жасөспірімдер арасында спорт шеберлігіне үміткер және спорт шеберлері қатысуда. Олар айдында қысқа бағдарламамен өнер көрсетеді. Ал финал ертең өтеді. Жеңімпаздар диплом, медальға ие болып, арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или