Головкин - Альварес рематчының андеркартында жұдырықтасуы мүмкін боксшылар аталды

Головкин - Альварес рематчының андеркартында жұдырықтасуы мүмкін боксшылар аталды

ESPN арнасының сарапшысы және АҚШ-тағы белгілі бокс шолушыларының бірі Дэн Рафаэль 5 мамырға белгіленген қазақстандық Геннадий Головкин және мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы қарымта жекпе-жектің андеркартында жұдырықтасуы мүмкін боксшыларды атады.

«Жекпе-жек белгіленгеннен кейін промоутерлер андеркартқа кіріседі, жекпе-жектердің бірінде Роман Гонсалестің қайтып оралуын тамашалау ықтималы зор. Сонымен бірге Лемье - O'Салливан жекпе-жегі талқыланып жатқанын естідім. Меніңше, аса керемет жекпе-жек емес. Бокс үшін оның маңызы жоқ және жақсы да емес», – деп жазыпты Рафаэль ESPN арнасындағы чатында.

Мұның алдында Гонсалестің 5 мамырдағы бокс кешінде жұдырықтасуға мүдделі екені хабарланған. Оның үстіне төрт салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпион осы үшін екі ұсынысытан бас тартқан.

Ал Лемьенің жекпе-жегін Golden Boy Promotions компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя өткізуге ниетті. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или