Аталмыш турнирге Вьетнам, Үндістан, Украина, Ресей, Қырғызстан, Қытай Тайбэйі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы қатысады.
Спортшылар 10 салмақ дәрежесінде додаға түседі: 48, 51, 54, 57, 60, 64, 69, 75, 81 және +81 келі.
Турнирдің ұйымдастырушылары Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы және Қазақстандық бокс федерациясы болып табылады.
Салтанатты ашылуы 3 наурызда сағат 16.00-де өтеді. Ашылу рәсіміне Сидней Олимпиадасының чемпионы – Ибраимов Ермахан Сағиұлы, Лондондағы 2012 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Марина Вольнова, әлем чемпионы Валерий Рачков және басқа да құрметті қонақтар атсалысады.
Турнир бағдарламасы:
2 наурыз:
Делегацияның келуі
20:00 – техникалық жиналыс
3 наурыз
08:00 – 10:00 – медициналық тексеру, негізгі салмақ өлшеу
11.00 – ресми жеребе салу
15:00 – алдын ала-жекпе-жектер
16:00 – 16:30 – ашылу салтанаты
16:30 – алдын ала-жекпе-жектер
4 наурыз
08:00 - 09:00 – медициналық тексеру, салмақ өлшеу
15:00 – алдын ала-жекпе-жектер
19:00 – алдын ала-жекпе-жектер
5 наурыз
08:00 – 09:00 – медициналық тексеру, салмақ өлшеу
14:00 – ширек финал
18:00 – ширек финалдар
6 наурыз
08:00 - 09:00 – медициналық тексеру, салмақ өлшеу
14:00 – жартылай финал
18:00 – жартылай финал
7 наурыз
08:00 - 09:00 – медициналық тексеру, салмақ өлшеу
11:00 – ақтық сын
18:00 – делегациялардың кетуі.