Америкалық бапкер Головкин-Альварес реваншына қатысты болжам жасады

Америкалық бапкер Головкин-Альварес реваншына қатысты болжам жасады

Америкалық бапкер Эрик Келли Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) айқасы қатысты пікір білдірді. Бокс пен аралас жекпе-жек бойынша жаттықтықтыратын Эрик Келли аталған боксшылардың алғашқы жекпе-жегі әділ болмағанын айта кетіп, алдағы болатын реваншқа қатысты болжам жасады. 

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Америкалық бапкер биылғы жылдың мамырында өтетін реванш жайлы пікірін өзінің твиттердегі парақшасында жариялады. 

«Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин алғашқы жекпе-жекте жеңіске жетті. Ал «Канело» болса әр раундта арқанға жабысып, белсенділік танытқан жоқ. Бірақ төрешілердің шешімі бойынша екі спортшы тең түсті деген қорытынды жасалды. Мен өз тарапымнан Головкиннің пайдасына 8-4 немесе 7-5 деп есептедім. Олар GGG-нің мүмкіндіктерін өз мүддесіне пайдаланды. Енді олар Головкиннің жасы келгенін айтып, «Канело» жеңіске жететін реванш өткізбекші», – деп жазды Келли твиттерде. 

Айта кетейік, екі боксышы арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өтіп, тең нәтижемен аяқталған болатын. Алдағы реванш та дәл сол аренада 5 мамырда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или