Баффер Головкин - Альварес жекпе-жегіне болжам жасады

Баффер Головкин - Альварес жекпе-жегіне болжам жасады

Танымал ринг аннонсері Майкл Баффер қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жекке болжам жасады, деп жазады prosports.kz сайты.

— Екі боксшы да жекпе-жекті төрешілер шешіміне жеткізбей жеңіске жетуді көздеп отыр. Біреуі нокдаунға жіберіп, қарсыласына дес бермей ұпай бойынша айқын басымдылық танытуы мүмкін. Алғашқы кездесуде екеуі де өздерінің мықты боксшы екенін, соққыға төзімділігін дәлелдеді. Өз басым, нокаут болса таңғаламын. Меніңше, жеңімпазды төрешілер анықтайды, — деді Баффер Fino Boxing сұқбатында.

Айта кетейік, <span>қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 5-ші мамыр күні Лас-Вегас қаласындағы</span> T-Mobile спорт кешенінде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или