Сауль Альварес: ММА ережесі бойынша жекпе-жек өткізу ойымда жоқ

Сауль Альварес: ММА ережесі бойынша жекпе-жек өткізу ойымда жоқ

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Сауль Альварес боксты құрметтейтінін, сондықтан аралас жекпе-жек ережесі бойынша кездесу өткізбейтінін айтты.

Оның мәлімдеуінше, кіші Флойд Мейвезерді октагонда көріп қалуымыз әбден мүмкін.

«Мейвезердің не істейтінін ешқашан білмейсің, бірақ бұл маған қызық емес. Өзімді ММА-де қалай көрсетерімді білмеймін. Мен боксшымыз, боксты құрметтеймін және осы спорт түрін жақсы көремін. ММА ережесі бойынша жекпе-жек өткізу ойымда жоқ», - деді Сауль Альварес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или