Паралимпиадашыларымыз Пхенчханға аттануға дайын

Паралимпиадашыларымыз Пхенчханға аттануға дайын

Бүгін Талғар қаласындағы «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде Паралимпиада құрамасының атлеттерін PyeongChang2018 ойындарына шығарып салуға орай салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық спортшылар екі түрлі: биатлон және шаңғы жарысына қатысады. Паралимпиада ойындары Оңтүстік Кореяда 2018 жылдың 9-18 наурыз аралығында өтеді.

Ел құрамасында 7 атлет бар: Александр Герлиц, Қайрат Қанафин, Сергей Усольцев, Антон Жданович, Жаңыл Балтабаева, Александр Колядин, Денис Петренко.<span><br /></span>

Қазір команда Талғар қаласындағы оқу-жаттығу жиындарында соңғы дайындықтарын жасап жатыр. 5 наурызда Пхенчханг қаласына жолға шығады.

Айта кетейік, биыл Паралимпиада ойындарында біздің елдің туын шаңғы және биатлоннан жарысқа шығатын атлет Қайрат Қанафин ұстайды.<span><br /></span>

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или