Сауль Альварес: Головкинді құрметтеймін, бірақ бұл оны құтқармайды
Мексикалық Сауль Альварес алдағы қарсыласы Геннадий Головкинді құрметтейтінін айтты.
«Мен Головкинді құрметтеймін, оның соққысы мықты, бірақ бұл оны құтқармайды. Мен ешкімнен қорықпаймын және Геннадийге қарсы екінші жекпе-жекте осыны дәлелдеймін. Қарсыласымды нокаутқа түсірмекпін. Бірінші жекпе-жекте жеңіске жеттім деп есептеймін. Ал екіншісінен кейін бұл теке-тірестің нағыз жеңімпазы кім екеніне ешкімнің күмәні болмайды», - деді Альварес.
Айта кетейік, боксшылардың алғашқы жекпе-жегі тең аяқталған. Ал рематч 5 мамырда Лас-Вегаста өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или