Азия чемпионаты: Бүгін үш балуанымыз ақтық сында белдеседі

Азия чемпионаты: Бүгін үш балуанымыз ақтық сында белдеседі

Қырғызстанның Бішкек қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін, жарыстың екінші күні грек-рим күресінен балуандарымыз бақ сынауда.

67 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан Алмат Кебісбаев алғашқы айналымда өзбек балуаны Мирзобек Рахматовты, жартылай финалда үндіс балуаны Маниш Маништы жеңіп, финалға шықты.  Ақтық сында жапондық Шимойамадамен белдесетін болады.

82 келіде бақ сынайтын Асхат Ділмұхамедов ширек финалда жапон балуанын, жартылай финалда Оңтүстік Корея елінің балуаны Джинхук Кимді жеңді. Енді финалда жергілікті балуан Атабек Азизбековпен күш сынасады.

Ал Демеу Жадыраев (72 келі) жартылай финалдық сында Қытай балуанынан басым түсті. Демеудің финалдағы қарсыласы тағы бір қырғызстандық балуан Ақжол Махмұтов.

Финалдық кездесулер кешкі сағат 17:30-да өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или