Головкин: «Канело» қарсы жекпе-жек тарихи болмақ

Головкин: «Канело» қарсы жекпе-жек тарихи болмақ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Лос-Анджелесте өткен баспасөз шарасында Сауль Альвареске қарсы келесі жекпе-жегін асыға күтіп жүргенін айтты, деп жазады prosports.kz сайты.

«Мен осы жерде болғаным үшін өте бақыттымын. Жақында Лас-Вегаста шаршы алаңға қайта ораламын. Бұл мен үшін үлкен мүмкіндік, тіпті, тарихи сәт. <span>«Канело» қарымды қарсылас. Мені қолдап отырған жанкүйерлеріме мың алғыс. Осының бәрі сіздер үшін. Рақмет жігіттер. Тарих қойнауына кеткен өткен жекпе-жек жайлы айтқым келмейді. Одан да алға қадам басамын. Алдағы жекпе-жекті асыға күтіп жүрмін. Өйткені ол тарихи кездесу болмақ</span>»,- деді Головкин Лос-Анджелесте өткен баспасөз шарасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или