Қанат Исламның жекпе-жектерін НВО арнасы көрсетуі мүмкін

Қанат Исламның жекпе-жектерін НВО арнасы көрсетуі мүмкін

Кәсіпқой боксшы Қанат Исламның алдағы жекпе-жектерін НВО арнасы көрсетуі мүмкін, - деп хабарлайды Qsport.kz сайты.

Жақында ғана 2017 жылдың ең үздік менеджерімен келісімшартқа отырған QAZAQ-тың жекпе-жектерін НВО арнасы көрсетуі мүмкін. Қанат «QAZAQ» Ислам менеджері Эгис Климаспен НВО арнасының директоры Питер Нельсонмен жолыққан.

Бұл туралы отандасымыздың командасы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялады. Онда: «Team QAZAQ-та жоспар көп. Алда үлкен жоспарлар бар», - деп жазылған.

Айта кетейік, Эгис Климас The Ring журналының нұсқасы бойынша 2017 жылдың ең үздік менеджері атанған болатын. Ол Қанат Исламды тек үлкен жекпе-жектер күтіп тұрғанын айтты. Ал отандасымыз Американың Калифорния штатында жаттығу жұмыстарын бастап кетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или