Ковалев Головкин - Альварес жекпе-жегіне болжам жасады

Ковалев Головкин - Альварес жекпе-жегіне болжам жасады

WBO тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Сергей Ковалев қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасында өтетін жекпе-жекке болжам жасады.

<span> — Бірінші жекпе-жекті көрдім. Ол кезде Геннадий раунд бойынша 8-4 есебімен ұтты. Екінші жекпе-жектің нәтижесі осындай болуы мүмкін. Бірақ мен Геннадий ұпай саны бойынша жеңіске жететініне сенемін. Бұл кездесуде нокаут бола қоймас. Өйткені қос боксшы да ақылды, дарынды жігіттер. Жекпе-жек барлық 12 раундқа жалғасады деп ойлаймын</span><span>, — деді Ковалев K.O. Artist Sports берген сұқбатында.</span>

<span>Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы екінші кездесу 5-ші мамыр күні Лас-Вегас қаласының T-Mobile аренасында өтеді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или