«Канелоның» промоутері Головкин-Альварес жекпе-жегінен нокаут күтетінен айтты

«Канелоның» промоутері Головкин-Альварес жекпе-жегінен нокаут күтетінен айтты

Бокстан бұрынғы әлем чемпионы, «Golden Boy» компаниясының басшысы әрі мексикалық боксшы Сауль Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя Головкин-Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 12 раундқа созылмайтынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Қос боксшы арасындағы жекпе-жек өте тартысты өтеді. Біз нокаут көреміз деген ойдамын. Кепілдік бере алмаймын, бірақ боксшылар арасындағы айқас нокаутпен аяқталатынына сенімдімін. Маған екі жігіттің бір-бірін жақтырмайтыны ұнайды. Себебі, екеуі де бірінші жекпе-жекте «жеңіске жеттім» деп ойлады ғой. Қос боксшы да - қарсыласын нокаутқа түсірудің шебері. Осындай жағдайда оларға не тілеуге болады?», - дейді Де Ла Хойя «BoxingScene» порталына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жек 2018 жылдың 5 мамырында Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или