The Ring бас редакторы: Головкин екінші жекпе-жекте де жеңіске жетеді
The Ring журналының бас редакторы Дуглас Фишер қазақстандық Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегі жайлы өз пікірімен бөлісті.
«Канелоның жасы небәрі 27-де. Ол екінші жекпе-жекке сенімдірек келеді, себебі алғашқы кездесуде қатты зиян шеккен жоқ және Головкиннің құрметіне ие болды. Алғашқы жекпе-жекте Головкин жеңіске жетті деп есептеймін. Головкин 35-де, бірақ ол әр раундта толық үш минут бойы жұмыс істейді, Канелоның қолынан бұл келмейді. Головкиннің өз стилі бар. Сондықтан, Головкиннің жеңісін таңдаймын – бұл жолы да 12 раундтық жекпе-жек болады. Головкинді ұту үшін оны нокаутқа түсіру керек», - деді Фишер.
Головкин мен Альварес арасындағы рематч 5 мамырда Лас-Вегаста өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или