WBA чемпионы Головкинге кеңес берді
WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы, орташа ауыр салмақта өнер көрсететін орыс боксшысы Дмитрий Бивол (12-0, 10 КО) Головкин-Альварес арасында өтетін жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Айта кетейік, 5 мамырда Геннадий<span> </span>Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес<span> </span>арасындағы жекпе-жек<span> </span>Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да өтеді.
- Головки мен Альварес арасындағы келесі жекпе-жек қалай өтеді? Сіз қос боксшы арасындағы алғашқы кездесу «тең дәреже өтті деген» пікірмен келесіз бе?
- Мен бірінші жекпе-жекте төрешілер жеңісті Головкинге беретін шығар деп ойладым. Себебі, ол 12 раунд бойы тұрақты ойын көрсетіп, джеб соққыларын жасады. Оның арсеналы қарсыласын ойсырата жеңетін дәрежеде болған жоқ. Бірақ бұл қазақстандық боксшының қарсыласынан бірнеше раунд бойы басым түсуге жеткілікті. Геннадий тұрақты түрде қысым жасап, соққылар жасады. Алайда мені мексикалық боксшы таңғалдырды. Ол кездесуде бірнеше раундты сәтті өткізді. Қарсыласының соққыларынан жақсы қорғанды. Бірақ бірнеше раундты жақсы өткізген үшін жеңісті беруге болмайды, - дейді ресейлік боксшы «Спорт-Экспресс» басылымына берген сұхбатында.
- Келесі жекпе-жекте Геннадий өзінің барлық арсеналын пайдалануы қажет. Сондай-ақ Сауль «Канело» Альварес бірінші кездесуден соң өзіне қаншалықты сенімді екенін, оппонентінің қателігін қаншалықты деңгейде пайдаланатынын білу өте қызықты. Сонымен қатар кездесуге дайындалуда өте маңызды: жекпе-жек өтетін күні жарты литр су ішу, бұл рингте өз зиянын тигізуі мүмкін. Бұл жекпе-жекте кім жеңіске жететінін айту қиын. Мен олардың тактикалық жағынан қандай әрекеттер жасайтынына талдау жасай аламын. Бірақ кездесуге нақты болжам жасай алмаймын, - дейді Дмитрий Бивол.