Головкин-Альварес кездесуінің демеушісі аталды

Головкин-Альварес кездесуінің демеушісі аталды

<span>Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жегін де Tecate мексикалық сыра қайнату компаниясы қаржыландыратын болады, деп хабарлайды inform.kz.</span>

<span>«Tecate GGG-мен келісімшартқа қол қойды. Сондай-ақ олар «Канелоны» қаржыландырады. Tecate олардың алғашқы айқастарына демеушілік еткен болатын. Реванштың демеушісін табыңыздаршы? Tecate!», - деп хабарлады Головкиннің келісімшартқа қол қоюына қатысты ESPN тілшісі Даррен Ровелл. Еске салайық, Головкин-Альварес реваншы ағымдағы жылдың 5 мамырында өтеді. Олардың 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегас қаласында өткен алғашқы кездесулері тең аяқталды. </span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или