Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері туған жеріне оралды

Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері туған жеріне оралды

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан XXIII Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева туған жеріне оралды, деп хабарлайды «Хабар» телеарнасы.

Ел мақтанышын Өскемендегі әуежай алдында жастар мен жанкүйерлер қауымы сән-салтанатпен күтіп алды. Фристайлшы қыз жерлестерінің ықыласынан асқан құрмет жоғын айтады.

- Сіздердің қолдауларыңыз маған қанат бітіреді. Осы шабытпен алдағы сындарда сүрінбеймін деген үміттемін,- дейді ол.

Жеңімпаз алдағы жоспарларымен бөлісті. Мамырдың бірінде демалысқа шығатын спортшының жоспары зор екен. Басты додадан алатын қаржылай сыйлығына анасына көлік алып бермек. Ал халқына келесі олимпиадаға дейін тынбай жаттығып, алтыннан алқа тағуға уәде берді.

Юлия Галышева, Олимпиаданың қола жүлдегері:

- Жүлденің маған тиесілі екенін Алматыға жеткенде сезіндім. Отандастарымның көрсеткен құрметі шексіз. Мен ел үмітін ақтағаныма өте бақыттымын. Байрақты додаларда әнұранымызды асқақтатып, туымызды желбірете беру – арманым.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или