Юлия Галышеваға білім гранты берілді

Юлия Галышеваға білім гранты берілді

Пхёнчхан Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышеваға білім гранты берілді, деп хабарлайды «Хабар» телеарнасы.

Қазақ спорт және туризм академиясы Пхёнчхан Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышеваға қошемет көрсетті.

Ол – осы академияның түлегі. Қазіргі кезде магистратурада білімін арттырып жатыр. Олимпиада жеңімпазы алдағы екі Олимпиадаға қатысуды жоспарлап отыр. Өткен жылы академия жанынан білікті бапкерлер мектебі ашылған еді. Галышеваға осы мектепте білім алуы үшін арнайы грант берілді. Енді тәжірибелі спортшы жарыс пен шәкірт тәрбиелеуді ұштастырмақ.

Елена Круглыхина, Фристайлдан Қазақстан құрама командасының жаттықтырушысы:

- Сәуірде жастар арасында әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа Юлия бапкер ретінде қатысуға ниет білдірді. Сол сында ол жаттығу мен жаттықтырудың айырмашылығын анық сезінеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или