Қазақстан медальдар есебі бойынша 25-ші орында қалды

Қазақстан медальдар есебі бойынша 25-ші орында қалды

Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарының он төртінші сайыс күнінен кейін Қазақстанның еншісінде әлі де бір ғана медаль бар, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан медальдар есебі бойынша 25-ші орында келеді. Бұл сатыны еліміз Латвия және Лихтейнштейнмен бөлісіп тұр. Үш елде де бір қоладан бар. Қазақстанға жалғыз медальді фристайлшы Юлия Галышева ұтып алған болатын.

Ал медальдар көрсеткішінде норвегиялықтар көш басындағы орнын сақтап тұр – 29 медаль. Кейінгі орындарға Германия мен Канада жайғасқан.

Олимпиада-2018 медальдар есебі:

1. Норвегия — 29 (11-10-8)

2. Германия — 20 (10-6-4)

3. Канада — 19 (8-5-6)

 

25. Қазақстан — 1 (0-0-1).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или