Шорт-трекшілеріміз қарсыластарының арқасында ширек финалға өтті

Шорт-трекшілеріміз қарсыластарының арқасында ширек финалға өтті

Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада шорт-тректен ерлер арасында 500 метрге қашықтықта жарыс басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның намысын бұл жарыста Абзал Ажғалиев, Денис Никиша мен Нұрберген Жұмағазиев қорғады. Үш спортшы да іріктеуден өтпей қалған. Алайда қарсыластары пенальти алып, олар ширек финалға жолдама алды. Олардың орнына канадалық, голландиялық және ресейлік спортшылар жарыс жолынан шығып қалды.

Енді ширек финал 22 ақпанда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или