Аршавин: Қылмыстық істің жабылуына барлық күшімді саламын

Аршавин: Қылмыстық істің жабылуына барлық күшімді саламын

Алматылық «Кайрат» клубының жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин жолдасының үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды RT.

«Менің жолдасым парасатты адам, оның соңына не үшін түсіп алғанын да түсінбеймін. Оған қоса Алисаны қылмыстық заң бойынша қудаламақ. Оның қорғаушысы Ресей қылмыстық кодексінде ондай баптың жоқ екенін айтты. Ал оның екеуін Қазақстан прокуратурасы негізсіз сүйрелеуде», - деді футболшы.

Аршавиннің айтуынша, ол істің жабылуына барлық күшін салады.

«Қылмыстық іс бұрмаланған, сол себепті қысқартылуы тиіс. Оны тек араңдату айласы деп есептеймін. Әрине, бұл менің видеодағы қылығымды ақтамайды. Сол үшін тағы бір рет Алиса және отбасымнан кешірім сұраймын», - деп атап өтті Андрей.

Етеріңізге салайық, 2017 жылдың желтоқсан айында Андрей Аршавин қазақстандық модель Ольга Семеновамен бірге түскен видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тараған болатын. Мұны жайына қалдырмаған Алиса Аршавина модельге сес көрсеткен. Ал кейін Ольга Семенова танымал футболшының әйелінің үстінен ҚР бас прокуратурасына шағымданған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или