Criminals

Қазақстандық модель: Аршавин өзі құшақтай бастады

Қазақстандық модель: Аршавин өзі құшақтай бастады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық модель Ольга Семенова Алматының элиталық мейрамханасында танымал футболшы Андрей Аршавинмен бірге болған кеш жайлы айтып берді, деп хабарлайды Mk.ru сайты.

Естеріңізге салайық, желіде «Қайрат» клубының ресейлік футболшысы Андрей Аршавиннің қазақстандық модель Ольга Семеновамен құшақтасқан видеосы пайда болған. Бұл жайттан кейін модельдің ұялы телефонына Алиса Аршавинадан қорқыту хабарлама келген. Алиса Аршавинаның қоқан-лоқысынан кейін модель:

«Оның әрекеттерінен сескенемін. Не істейтінін білмеймін. Түсініңіздер, мен фотомодельмін, өз келбетіммен ақша табамын. Егер менің келбетіме нұқсан келетін болса, мансабым құрдымға кетеді», - дейді ол.

Сонымен қатар, Ольга Алисаның жалған сөйлеп, ар-намысына кір келтіргені үшін қылмыстық жазаға тартуға болатынын ескертуде.

Шулы видео бойынша Семенова 2017 жылдың қазан айында Аршавинмен мейрамханада кездескенін және желіде тарап кеткен видео сол жерде түсірілгенін айтуда.

Модельдің сөзіне сенсек, футболшы оған қасына отыруды ұсынып, өзі құшақтай бастаған. Ольга бұл жайтты видеоға түсіріп алуды ұсынады. Мейрамханадан кейін Аршавин бастаған футболшылар мен тағы бір модель түнгі клубқа баруды шешеді. Ольга оларды жеткізіп салып, өзі үйіне кетіп қалған. Сол кештен кейін футболшыны көрген емеспін деген ару видеоның желіге қалай тарап кеткенін де білмейтінін айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер