Пхенчхан Олимпиадасының жүлдегері елге оралды
Бүгін Алматыға Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева ұшып келді, деп хабарлайды «Хабар» телеарнасы.

«Олимпиада ойындарының жүлдегерін ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы мен ШҚО басқару комитеті, жас спортшылар мен көптеген жанкүйерлер күтіп алды»,-дейді Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетсек, Пхёнчханда Қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатыр. 25 ақпанға дейін жалғасатын Олимпиадада спортшылар қысқы спорттың 15 түрі бойынша 102 жүлдені сарапқа салады. Қазақстан қоржынында бір қола медаль бар. ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарын «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или