Олимпиада 2018: Конькишілеріміз де жүлде ала алмады
Бүгін Пхенчхан Олимпиадасында конькимен жүгіру спорты бойынша ерлер арасында 500 м қашықтықта бақ сынаған спортшыларымыз жүлделі орыннан көріне алмады.

Канны айдынында сынға түскен отандасымыз Артем Крикинов мәреге 35.34 уақытта жетіп, 23-ші орынға табан тіреді. Ал Станислав Палкин 22-ші орын (35.33) алса, Роман Креч тіпті 36 спортшының ішінде 35-ші (35.92) болып келді.

Бұл жарыста норвегиялық конькиші Хавард Лоренцен Олимпиада рекордын жаңартып, Пхенчхан Олимпиадасының Чемпионы атанды. Ал Олимпиаданың күміс медалін жергілікті спортшы Ша Мин Кю жеңіп алса, қола жүлдеге Қытай спортшысы Гао Тингю ие болды.

Ховард Лорентсен (Норвегия) 34.41
Мин Кю Ча (Оңтүстік Корея) 34.42
Тинъюй Го (Қытай) 34.65