Кореялық хоккейші ойын кезінде 3 тісінен айырылды

Кореялық хоккейші ойын кезінде 3 тісінен айырылды

Каннында өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында алаң иелері мен Канада арасындағы кездесу кезінде оңтүстіккореялық хоккейші 3 тісінен айырылды.

Хоккейден Оңтүстік Корея құрамасының қорғаушысы О Хен Хо ойын арысында канадалық ойыншы Мэйсон Рэймондтан таяқпен бетінен соққы алып, 3 тісінен айырылып қалған.

«Мен медициналық көмек алдым. Қазір бәрі дұрыс. Енді имплант салғызамын. Мұндай жағдай хоккейшілерде болып тұрады. Жоғалтып алған үш тістің екеуі жасанды еді», – деді О Хен Хо.

Айта кетейік, осы кездесуде канадалық команданың құрамында астаналық «Барыстың» бұрынғы екі ойыншысы ойнады. Олар – қақпашы Кевин Пулен мен форвард Линден Вей.

24.kz

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или