Денис Тен жеңілісін жарақаттан көреді

Денис Тен жеңілісін жарақаттан көреді
Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері қазақстандық Денис Тен Пхенчхан ойындарында қысқа бағдарламада 27-орын алып, финалға өтпей қалды.<span> </span><br /><br />
- Бүгін өмірімдегі ең сәтсіз сырғанау болды. Бұл маусым мен үшін өте қиын болып жатыр. Пхенчханға келіп, мұзға шыққанымның өзі үлкен жетістік. Олимпиадаға қатты қатысқым келді. Келіп, қатысқаныма қуаныштымын. Күні-түні аяғымдағы жарақат маза бермейді. Аяғым кинезио тейппен оралып тұр. Оған дейін гипспен жүргенмін. Кореяға бұған дейін келгенде балдақпен жүрдім. Әр күн - жарақатпен күрес. Аяғың ауырса, әр секіру элементін орындау қиынға түседі екен. Бірақ ақталғым келмейді. Физикалық-психологиялық жағынан тек осы олимпиадаға дайындалып едім, өкініштісі, үмітім ақталмады, - деді Тен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или