Олимпиада кезінде журналист қайтыс болды

Олимпиада кезінде журналист қайтыс болды

Пеңчандағы қысқы Олимпиадада бір журналист қаза тапты. Қайғылы оқиға медиа-ауылда тіркелді. Белгісіз жағдайда 55 жастағы кәріс журналисі көз жұмған, деп хабарлайды Риа Новости.

Телеарна тілшісінің жансыз денесі қонақ үйде табылған. Оны оятуға барған көршісі жедел-жәрдем шақырды. Мәлімет бойынша, жуналист бір екі күн бұрын кеудесі аурып жүргенін айтқан. Қайтыс болған азамат Олимпиадада жапониялық телеарнаға қызмет көрсеткен.

Айта кетейік, жаһандық спорт жарысы ақпанның 25-не дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или