Денис Тен қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғысын білдірді
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Кореядағы жарыс сәтінен кейін өзін қолдаған жанкүйерлерге алғыс білдірді, деп хабарлайды «Хабар» телеарнасы.
«Кедергілердің үлкендігі соншалық, оған төтеп берудің өзі қиынға соғады кейде. Бірақ біз үйренуіміз керек, күш-жігеріміз арта түсуі қажет. Тынымсыз еңбектеніп, өз-өзіңе деген сенімді жоғалтпауымыз керек. Тура осылай жасайықшы», – деп жазды ол твиттердегі парақшасында.
Естеріңізге салайық, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ерлер арасында мәнерлеп сырғанау бойынша іріктеу кезеңінен өтпей қалды. Қысқа бағдарламаға қатысқан қазақстандық спортшы 70,12 ұпай жинап, 30 спортшы ішінен 27-ші орынмен жарысты аяқтады.