Шаңғышалырымыз жекелей жарыста сәтсіз өнер көрсетті
2018 жылғы қысқы Олимпиадада шаңғы спортынан еркін стильдегі жекелей жарыста Қазақстан намысын үш спортшы қорғады.
Қазақстандықтардан ең үздік нәтижені Валерия Тюленова көрсетті. Ол мәре сызығын 47-ші болып кесті. Анна Шевченко 56-шы орын алса, Елена Коломина 63-ші орынға тұрақтады.
Бұл жарыста норвегиялық Хага Рагнхильд алтын медальді мойнына тақты. Ал швециялық Шарлотта Калла күміспен «күптелді». Үшінші орын болса, бірден екі спортшыға бұйырды. Норвегиялық Марит Бьорген мен финляндиялық Криста Пярмякоски бірдей уақыт көрсетіп, қола медальді бөліп алды.
Қысқы Олимпиада ойындары-2018. Пхёнчхан (Оңтүстік Корея)
Шаңғы жарысы. Әйелдер. Жекелей жарыс. 10 шақырым. Еркін стиль
1. Хага Рагнхильд (Норвегия) — 25:00.5
2. Шарлотт Калла (Швеция) — +20.3
3. Марит Бьорген (Норвегия) — +31.9
3. Криста Пярмякоски (Финляндия) — +31.9
47. Валерия Тюленева (Қазақстан) — +3:20.2
56. Анна Шевченко (Қазақстан) — +3:56.4
63. Елена Коломина (Қазақстан) — +4:12.5.